Жедел панкреатит

119. Жедел панкреатиттің патоморфологиялық мәні мынада:

А. Ацинарлық тіндердегі жедел өршитін дегенеративті – қабыну үрдісі +

Б. Вирсунг өзегіне өттің енуі (рефлюкс)

В. Вирсунг өзегінде амилазаның белсенділік алуы

Г. Ұйқы безінің паренхимасының жедел қабынуы

Д. Ұйқы безі өзегінің қатерлі ісігі

120. Жедел панкреатитке бейімдейтін факторларды көрсетіңіз:

А. Ұлтабар дискинезиясы +

Б. Қан тамырларының жүйелі аурулары +

В. Липидтердің метаболизмінің бұзылуы +

Г. Полиноздар

Д. Нефропатия

121. Жедел панкретитке бейімдейтін факторларды көрсетіңіз:

А. Өт тасы ауруы +

Б. Стеноздаушы папиллит +

В. Одди сфинктерінің спазмы +

Г. Созылмалы гастрит

Д. Бел – сегізкөз радикулиті

122. Жедел панкреатитті өршітетін факторларды көрсетіңіз:

А. Көп мөлшерде арақ-шарап ішу +

Б. Майлы тамақ, ащы тұздықтарды қолдану +

В. Папиллосфинктеротомия +

Г. Ұлтабарға зонд салу

Д. Транслюмбалды аортография

123. Жедел панкреатитті өршітетін факторларды көрсетіңіз:

А. Ұйқы безінің жарақаттануы +

Б. ЭРХПГ +

В. Секретин, панкреазиминді қолдану +

Г. Паранефралды новокаин блокадасы

Д. Лапароскопия

124. Жедел панкреатиттің клинико-морфологиялық түрін көрсетіңіз:

А. Ұйқы безінің жедел сулы ісігі +

Б. Геморрагиялық панкреонекроз +

В. Майлы панкреонекроз +

Г. Аралас панкреатит

Д. Стеариндік панкреонекроз

125. Жедел панкреатиттің клинико-морфологиялық түрін көрсетіңіз:

А. Іріңді панкреатит +

Б. Жедел холецистопанкреатит +

В. Жедел ферментативті панкреатит

Г. анаэробты – іріңді панкреатит

Д. Кистозды тасты панкреатит

126. Жедел панкреатиттің клиникалық ағымындағы кезеңдер:

А. Панкреатогендік шок пен гемодинамикалық бұзылыстар +

Б. Полиоргандық жетіспеушілік +

В. Іріңді – септикалық асқынулар +

Г. Перитонит

Д. Диастазурия

127. Жедел панкреатиттің түрлері:

А. Абортивті (тез қайтымды) +

Б. Прогрессивті (үдеген) +

В. Ремиссиялы (толастап, қайталау)

Г. Персистициялы (толассыз)

Д. Баяу

128. Жедел панкреатиттің белгісін көрсетіңіз:



А. Керте +

Б. Воскресенский +

В. Ситковский

Г. Образцов

Д. Ровзинг

129. Жедел панкреатиттің белгісін көрсетіңіз:

А. Мэйо – Робсон +

Б. Көп мөлшерде диастазурия +

В. Мерфи

Г. Гьеоргиевский – Мюсси

Д. Горнер триадасы

130. Жедел панкреатиттің белгілерін көрсетіңіз:

А. Эпигастрий аймағында басталған, белбеу тәрізді қоршап, бел омыртқаға тарайтын қатты ауру сезімі +

Б. Мезогастрий аймағында қатты ауру сезімі

В. Жеңілдік әкелмейтін көп рет құсу +

Г. Қан қысымының артуы

Д. Полиурия

131. Жедел панкреатиттің сонографиялық симптомдарын көрсетіңіз:

А. Асқазан мен көлденең тоқ ішектің желденуі +

Б. Ұйқы безі көлемінің ұлғаюы, тіндерінің қатаюы +

В. Некроз «соқпақшалары» +

Г. Май қапшығында, іш қуысында сұйықтықтың болуы +

Д. Көкбауыр венасының кеңеуі

132. Жедел панкреатиттің асқынуларының көрсетіңіз:

А. Гиповолемиялық шок +

Б. Созылмалы бүйрек, бауыр жетіспеушілігі

В. Плевро-өкпе асқынулары +

Г. Ұйқы безінің, маңайының абсцесстері +

Д. Аррозивтік қан кету +

133. Американдық /Атланта/ жіктелуі:

А. Жеңіл панкреатит +

Б. Ауыр панкреатит +

В. Ауыр асқынған панкреатит +

Г. Тоталдық жедел сулы ісік

Д. Геморрагиялық панкреонекроз

134. Американдық /Атланта/ жіктелуі:

А. Инфекцияланбаған панкреонекроз +

Б. Инфекцияланған панкреонекроз +

В. Асқынған ауыр панкреатит +

Г. Стеариндік панкреатит

Д. Септикалық панкреатит

135. Көрсетілгендердің қайсылары Американдық /Атланта/ жіктелуіне жатпайды:

А.Жедел сулы ісік +

Б. Геморрагиялық панкреонекроз +



В. Майлы пакреонекроз +

Г. Инфекцияланған панкреонекроз

Д. Іріңді-септикалық асқынулар кезеңі +

136. Жедел панкреатиттің асқынуларын көрсетіңіз:

А. Парапанкреатикалық инфильтрат

Б. Ұйқы безінің абсцессі +

В. Сепсис +

Г. Бауыр циррозы

Д. Панкреатогендік перитонит +

137. Жедел панкреатитке тән лабораториялық белгіні көрсетіңіз:

А.Лейкоцитоз

Б. Нейтрофилез

В. Анемия

Г. Гипертермия

Д. Дұрыс жауап жоқ +

138. Мына ферментердің қайсысы майды гидролиздейді?

А. Химопсин

Б. Химотрипсин

В. Трипсин

Г. Эластаза, коллагеназа

Д. Липаза +

139. Мына ферменттердің қайсысы көмірсулы заттарды гидролиздейді?

А. Коллагеназа

Б. Химопсин

В. Липаза

Г. Трипсин

Д Амилаза +

140. Мына ферменттерінің қайсысы белокты заттарды гидролиздейді?

А. Коллагеназа +

Б. Химопсин +

В. Липаза.

Г. Трипсин +

Д. Амилаза


3488823953184560.html
3488936563054856.html
    PR.RU™